ANTIKOR LIVE: БИЗНЕС СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚОРҒАУЫНДА

 Бизнесті сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау мақсатында  (ProtectingBusinessandInvestments) бизнес пен инвесторларды қорғау жобасын жүзеге асырудамыз – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоба қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға, әкімшілік кедергілерді жоюға, бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Департамент тарапынан 75 млрд.теңгеден астам сомаға 35 инвестициялық жобаны (6 шетелдік қатысумен) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтамасыз етті», деп хабарлады кәсіпкерлермен кездесуде департамент басшысы Асхат Жұмағали.

Ағымдағы жылдың өзінде бизнесті қорғау шеңберінде 20-ға жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 8 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, бизнес өкілдері мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым және өзге де заңсыз араласу жағдайына тап болса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке жүгінуге болатындығын және міндетті түрде департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданатынын есіңізге саламыз.