Қазақстанда «Абай күні – 10 тамыз» деп белгіленді. Биылдан бастап бұл күн ерекше атауға ие болады. Себебі, өскелең ұрпақ ғұлама жазушының өнегелі өмірін үлгі тұтып, қадірлеуі аса маңызды. Жаңа мерекенің тойлануы биыл онлайн форматта өтеді.
Елдегі жарияланған төтенше жағдай мұндай аса маңызды мерекенің белгіленуіне кедергісін тигізбейді. Санаулы уақыттан бері өз шешімін күткен бұл күн, министрлікпен нақты мақұлданды. Енді «Абай күні» елімізде аса құрметпен, үлкен ілтипатпен атап өтіледі.
Абай Құнанбаевтың кемеңгерлігі жастарға біле білсе баға жетпес байлық. Ұлы ақынның қасиетті аруағына тағзым етіп, құрмет көрсету – қадірлі дәстүріміз. Бүгінгі күнге дейін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де халқының жадында бірге мәңгі жасай берері атар таңдай ақиқат.
Назкен Скандар
Ақпарат көзі Оңтүстік телеарансы