Салауатты өмір салтын ұстанып, күніне бір мезет спортпен шұғылдану — денсаулыққа пайдалы. Бұлшықеттерді ширатып, сымбатыңды сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ спорт миды да тынықтырады. Ғалымдар спортпен шұғылданған адамның миына эндорфин гормоны көбірек бөлінетінін анықтаған.
Үнемі спортпен шұғылданатын адамның есте сақтау қабілеті жақсарып, логика дамиды, белсенділік күшейіп, жаңа ақпараттарды қабылдауға, есте сақтауға көп септігін тигізеді. Яғни, спорт адам жанын тыныштандырып, миды тынықтырады.
Компьютердің, смартфондардың және басқа да құрылғылардың пайда болуымен техникалық прогрестің орын алуы салдарынан, адамның оның ішінде жастардың күнделікті өмірінің басым бөлігі смартфонға байланып, соңғы он жылмен салыстырғанда физикалық белсенділігі немесе қимыл-қозғалысы бірден қысқарды.
Бұл өз кезегінде уақыт өте келе жастардың функционалдық қабілетінің төмендеуіне, қаңқа-бұлшықет аппаратының әлсіреуіне, ішкі ағзалардың жұмысының нашар жағына өзгеруіне әкеп соғады. Қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі мен энергияжұмсау барлық жүйелердің (бұлшықет, қантамыр, жүрек, тыныс алу) жұмысын нашарлатып, түрлі ауруларға бейім етіп қояды. Сондықтан, жастар аптасына 2-3 рет уақытын спортпен шұғылдануға бөлгені дұрыс.
Сонымен қатар, спорт — түрлі бас аурулары мен жүйке жүйесі дертінің алдын алуға бірден-бір себепші.