Шымкент қаласының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог мамандары тарапынан қала тұрғындарына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кереғар діни ағымдардың зияндығын түсіндіру, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын онлайн режимінде (Facebook «Шымкент дін» парақшасы) тікелей эфир арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Басқарманың әлеуметтік парақшаларында алдын-ала шығатын қонақтар бойынша хабарландырулар ұсынылып, кез-келген қала тұғыны өзін қызықтырған дін саласына қатысты сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар сала мамандарынан алуға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Тікелей эфирде діни-экстермизм мен терроризмнің мән-мағынасына кеңінен тоқталып, олардың қоғамға тигізер зардаптары кеңінен жастарға түсіндірілуде.
Жастарды жат ағымның арбауынан сақтау мақсатында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдардің белгілері мен мақсаттары да кеңінен айтылып, жастарда қажетті мағлұматтар беріледі.