Қаратау ауданында көпқабатты үйлердің басым бөлігі орталық жылу жүйесіне қосылған

Көлемі 32,256 га құрайтын Қаратау ауданында жеке сектордағы тұрғын үйлер  басым, алайда  көпқабатты үйлер де  жеткілікті.

Ауданда  435 көп қабатты тұрғын үй болса, оның 374-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал 61 көпқабатты үй дербес жылу жүйесін тұтынады.  Қаратау ауданы әкімінің мәлімдеуінше, қысқы жылу маусымына тұрғын үйлерді  дайындау жұмыстары 6 коммуналдық мекемемен жүргізілген.

Сығымдау жұмыстары жүргізіліп,  аудандағы 374  көпқабатты тұрғын үй жылуға  қосылған. Жылудың сапасына қатысты арыз-шағымдарын тұрғындар  44-82-37 және 44-81-89 байланыс телефондары арқылы «Қуатжылуорталық-3″  МКК диспетчерлік қызметіне  жеткізе алады».

Шынар Оразова