Президент Әкімшілігі жанынан Құқық қорғау мен сот жүйесі реформасы жөніндегі өкілдік комиссия құрылады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
-Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде, — деді ел Президенті.
Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының сөзінше, сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты, Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі жұмысы азаматтар мен қоғамды тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларына бағытталғаны белгілі.
Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында арнайы жобалар енгізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі санаттағы адамдардың құқықтың мәдениеттін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізуде.