Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда

Президент Әкімшілігі жанынан Құқық қорғау мен сот жүйесі реформасы жөніндегі өкілдік комиссия құрылады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

-Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пай­да болу себептеріне көбірек назар ау­дарылып, алдын алу жұмыстары жүргі­зілуде, — деді ел Президенті.

Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының сөзінше, сыбайлас жемқор­лық­пен күрес жауапқа тартылудан қорық­қан шенеуніктерді дербестік, баста­ма­шылдық және жедел әрекет ету қасиет­терінен айырмауға тиіс.

Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты, Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі жұмысы азаматтар мен қоғамды тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларына бағытталғаны белгілі.

Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында арнайы жобалар енгізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі санаттағы адамдардың құқықтың мәдениеттін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізуде.