АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНА АЙНАЛҒАН МЕГАПОЛИС

«Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында 9 айда атқарған жұмысының нәтижесімен бөлісті.

«Шымкент – адалдық алаңы» жобасы қаламызда өз жұмыстарын бастағалы екі жылдан астам уақыт болды.

Аталған жобаның мақсаты — тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойып, азаматтардың өмірін қолайлы ете түсу, яғни азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты белсенді ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету.

Жоба Шымкенттегі тұрмыстық жемқорлықты азайту мақсатына бірқатар салаға цифрландыруды енгізіп жатыр.

Осы жоба аясында қаламызда атқарылған оңды істер баршылық. Атап айтар болсақ, қашықтықтан оқытуға байланысты білім басқармасы тарапынан сатып алынатын компьютерлік техникаларға Департамент және «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы Шымкент қалалық білім басқармасына 36 355 дана компьютерлік техниканы сатып алу үшін 5 826 413, 2  мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда 13 мыңға жуық компьютерлік техникалары келіп, ата-аналарға таратылуда. Аталған мәселе жобалық кеңсесінің басты назарында. Студент жастар арасында парасаттылық және адалдық принціпін қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» клубтары мүшелерімен 20 онлайн кездесу ұйымдастырылуда.

Өздеріңізге мәлім, ҰБТ-дің ашықтық принципін қалыптастыру мақсатында құрылған мониторингтік топ жұмысы өз нәтижесін көрсетті. Тестілеудің ашықтық және әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында 200-ге жуық оқушылар смартфон, шпаргалкалармен ұсталынып, тестілеуге жіберілмеді.

Қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган мен халық арасында ашық диалогты құру және кедергісіз қарым-қатынас құру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелер, квазисектор, жалпы білім беру мекемелеріжәне т.б мекемелер ашық форматқа өтуде.

«Ашық әкімдік» форматында қазіргі таңда қала әкімдігі аппараты және аудан әкімдіктері жұмыс жасауда.

«Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар