Шымкенттік студенттер арасында жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «Таза сессия» жобасы жылына 2 рет ұйымдастырылып келеді.
«Таза сессия» акциясы сессия уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттердің азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады .
«Таза сессия» жобасының аясында емтихандардың әділ өтуін қадағалау үшін арнайы комиссия жұмыс жасауда. Бақылау барысында емтихандардың өтуін бағалау мақсатында актілер толтырылып, қорытынды жазылады.
Студенттері арасында жемқорлыққа қарсы жасалған «Таза сессия» акциясын оқу жылының жазғы емтихан сессиясын студенттердің өз білімімен тапсыруы үшін және де сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында өткізілді.
Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, жатақханалардың жағдайына мониторинг жасауға мол мүмкіндік беруде.