Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын ұлттық баяндаманы әзірлеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.