Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры сыбайлас жемқорлық жайында С.Қасымбектің «Қол» психологиялық драмасын сахналады.
Мәңгілік сұрақ — «Кім кінәлі?..» адамзаттың басты талдауына ұшырап отыр. Өмірдегі болып жатқан оқиғалардың барлығы дерлік Адам болмысымен тікелей байланыста. Табиғаттан басқаның бәрі Адам қолымен жасалып, Адам қалауымен жүзеге асады. Мәселе – Адам санасы қаншалық деңгейде?… Адам – өзге үшін қаншалық жаны ауырып, жақсылыққа жетелей алады және өзге алдындағы жауапкершілікті қабылдауға өресі жетеді ме?…
Қойылым — қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлық жайындағы психологиялық драма.
Қоюшы режиссері – Алмас Шымалиев.
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.