Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында С.Қасымбектің «Қол» психологиялық драмасы қойылды

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры сыбайлас жемқорлық жайында С.Қасымбектің «Қол» психологиялық драмасын сахналады.

Мәңгілік сұрақ — «Кім кінәлі?..» адамзаттың басты талдауына ұшырап отыр. Өмірдегі болып жатқан оқиғалардың барлығы дерлік Адам болмысымен тікелей байланыста. Табиғаттан басқаның бәрі Адам қолымен жасалып, Адам қалауымен жүзеге асады. Мәселе – Адам санасы қаншалық деңгейде?…  Адам – өзге үшін қаншалық жаны ауырып, жақсылыққа жетелей алады және өзге алдындағы жауапкершілікті қабылдауға өресі жетеді ме?…

Қойылым — қоғам  дертіне  айналған сыбайлас жемқорлық  жайындағы психологиялық драма.

Қоюшы режиссері – Алмас Шымалиев.

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.