ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде кезекті тікелей эфирге шықты.

Эфир барысында қала басшысы коронавирус бойынша елдегі ахуалға тоқталып, қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.

— Індет адам таңдамайды. Жақындарымызға жанашыр болып, қарапайым санитарлық талаптарды ұстанып жүруге шақырамын.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатындаШымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр аптаның жұма күні сағат 19:00-де «Instagram» желісінде тікелей эфирге шығып тұрғындар жолдаған сұрақтарға жауап береді. Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей эфиріне кез-келген адамның сұрақ жолдауға мүмкіндігі бар.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың дені қаладағы коммуналды-шаруашылық, қоғамдық көлік, жол құрылысы, денсаулық, тұрғын үй саласына қатысты. Халықтың әкім эфиріне жолдаған шағымдары бойынша тиісті басқармалар тарапынан назарға алынып, орындалу барысын қала басшысы жіті бақылауға алады.

Айта кетейік, шаһар басшысы осы жылдың 17 шілдесінен бүгінге дейін 12 рет тікелей эфирге шығып, 122 143 қаралым болған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі