25 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында көкпардан – XIV, аударыспақтан – XIV, теңге ілуден – XIV, жамбы атудан VI Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
4 қараша күні өткен көкпардан ақтық жарыста Түркістан облысының «Құлагер» жастар командасы Жамбыл облысынан келген «Әулиеата» жастарын 6:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпиондары атанды. Үшінші орынға Алматы қаласының жастары ие болды. Жарыстың жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясының» директоры Әлібек Нұрбаев пен ҚР Көкпар федерациясының Президенті Мұхтар Имашев жеңімпаздарды марапаттады.
Ақпарат көзі: inform.kz