Шымкентте жастар арасында қылмыс саны азайып, салауатты өмір салтын ұстанушылар көбейіп келеді

Шымкентте жасөспірімдер арасында жыл басынан бері 47 құқық бұзушылық орын алған. Ол өткен жылдан салыстырғанда 27 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді.

Мектеп қабырғасында осы олқылықтардың алдын алу мақсатында ұдайы түсіндірме жұмыстары мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, ата-аналар мен педагог мамандар арасындағы байланысты нығайту мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде.

Қазіргі таңда қаладағы әр мектепте 2 психолог-педагог жұмыс істейді. Олар бала мен ата-ана арасындағы байланысты бақылап, жеке қабылдау өткізеді.

Оқу орындарындағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында 1 755 камера сатып алу жоспарланған. Бұл мақсатта 402 млн. теңге бөлінген.