Тау алыстаған сайын биіктейді. Белгілі қоғам қайраткері, еңбек және соғыс ардагері Әділ Сасбұқаевты білмейтін жан жоқ шығар. Саналы ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне жұмсап, зор беделге ие болған азаматтың құрметіне Шымкентте ескерткіш ашылды. Тау тұлғаға арналған монумент Әділ Сасбұқаевтың өз есімі берілген көшеге орнатылды.
Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Ұйымдастырушылық қабілет-қарымы біліктілігі мен іскерлігіне астасқан жан ұзақ жыл партия, кеңес органдарында басшылық қызметтер атқарды. Әділ Сасбұқаев қай салада болсын халқына адал қызмет етті. Сонысымен ел есінде, көпшілік көкейінде жатталып қалды.
Досыбай Шерімқұлов – қоғам қайраткері
Орынбай Рахманбердиев — қоғам қайраткері
Шараға қоғам қайраткерінің көзін көрген қызметтестері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Ұлт тағдырын, халық қамын ойлаған тұлғаның ұл-қызы, немере-шөберелері ата есімінің ұлықталғанына дән разы.
Нұрсайын Әділ – Ә. Сасбұқаевтың немересі
Туған еліне қалтқысыз қызмет ету — Әдекеңнің асыл мұраты болды. Арман орындалды. Мақсат жүзеге асты. Тектілік тұғырынан таймаған тұлғаның есімі мәңгі ел есінде. Тағлым түйер шараға келгендер осыны ұқты.
Г. Қалмырзақызы