Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының 2021-2025 жылдарға тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне тарифтері және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімі қаралды.
Департамент өтінімді қарау қорытындысы бойынша 2021-2025 жылдарға Шымкент өндірістік филиалының тарифі ҚҚС есебінсіз 4619,51 теңге/мың.м3 көлемінде бекітілді, жобадағы тарифтен (16140,07 теңге мың.м3 ҚҚС-сыз) 71,38%-ға төмен, қолданыстағы тарифтен (6507,23 теңге/мың.м3 ҚҚС-сыз) 29%-ға төмен.
Жаңа тариф қолданысқа 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ресми сайты