Шымкент қаласының Полиция департаментінде тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі бойынша кеңес өтті

Шымкент қаласының Полиция департаментінде ағымдағы жылдың 9 айындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары мен Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

2020 жылдың 9 айында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.

Есептік мерзімде қала аумағында жалпы тіркелген қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға төмендеп отыр.

Сонымен қатар, жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ағымдағы жылдың 29 қазанында ІІМ алқасының отырысында берілген тапсырмалары жеке құрамға жеткізілді.

«Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерінің азаматтармен өзара қарым-қатынасының сервистік моделін енгізудегі басты қағида «қолжетімді полиция» болуы тиістігін атап өтті. Осы қағиданы жүзеге асыру мақсатында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кері байланысты одан әрі нығайта түсуі қажет» — атап өтті департамент бастығы Ералы Жумаханбетов.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің ресми сайты