Үшінші мегаполистің көшелерінде жол құрылыс жұмыстары аяқталды. Биыл 256 көшенің жолы жөнделеді деп жоспарланған. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтті. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жұмыстар 3,5 пайызға өскен. Межеде 60 пайызға жету жоспары тұр.
Шымкенттегі Жолдияр Адырбеков көшесінің бір бөлігі қолданысқа берілді. Жалпы ұзындығы 3,6 шақырым көшенің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Бүгінде ондағы 800 метрінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ержан Жолдасов – Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Жолдияр Адырбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары осыдан 2 жыл бұрын басталған болатын. Алайда, мердігер компаниялар арасындағы кедергілерге байланысты жұмыс тоқтауға тура келген. Нақты жұмыстар жуырда ғана басталғандықтан әзірге, Рысқұлов пен Жандосов көшелерінің аралығындағы 800 метрге 2 қабатты асфальт төселіп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстарының талабына сай 3-қабаты салынатын болады.
Ержан Жолдасов – Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, бұл көшенің жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайтын көрінеді. Сондықтан тұрғындар алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Сондай-ақ, бөлінген қаражат есебінен жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектемесі мен жарық қарастырылған.
Г.Асқарқызы