БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ПІКІРСАЙЫС ӨТКІЗДІ

Жастар ресурстық орталығында ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ЖОО оқу орындары жанындағы Пікірсайыс клубтарымен жолдастық кездесу өтті. Онда, белсенді жастар пікір сайыстың форматын ережелерін, артықшылықтарымен танысты.

Жастар арасындағы өткен бұл іс-шара, тек екі адамның өзара пікір сайысын ғана тамашалаумен өткен жоқ. Білімді, сөзінде жалыны бар белсенді жастар, пікір сайыстың  мәдениетін түсіндіріп, көпшілік алдында жасқанбай ойын ашық айтуға  үйретті. Өз ойын ашық жеткізе алудың өзі үлкен өнер екенін айтады белсенді жастар.

Ақан Бесбаев–«Ақиқат» пікір сайыс клубының төрағасы

Айта кетейік, жарысқа 40-қа жуық пікірсайысшылар қатысты. Қатысушылар мұндай жасрыстар алдағы уақыттада жалғасын тапса деген ниетте. Себебі мұндай  игі жобалардың жеткіншекетрге берері мол екенін айтады.

Халида Шермұхаммед–Студент

Мәселенің мән жайын ұғынып, сыни ойлай алатын жігерлі жастар тұрғанда елдің көркейетіні анық. Олай деуімізге бүгінгі еңбекқор білімді жастар дәлел.

Ө. Мырзабек