МЕМОРАНДУМ МЕМЛЕКЕТКЕ ПАЙДА ӘКЕЛДІ

Меморандум мемлекетке пайда әкелді. Жеке сот орындаушылары мен салық департаменті және де полиция қызметкерлерінің жүйелі жұмысы жемісті жүзеге асуда. Мемлекет пайдасына өндірілетін берешектің қайтарылуы осылайша Шымкент қаласында рейдтік жұмыстардың арқасында нәтижесін көрсетіп отыр. Әріптесім Нұрсұлтан Мұхамеджан статистиканы бағамдап, атқарылып жатқан жұмыстың жүйесін жеткізсін.

Елімізде көлік саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы,  екінші орында  Түркістан облысы  мен Шымкент тұр. Миллионды мегаполисте күніне 500 мыңға жуық автокөлік қатынайды. Алайда, темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілердің бірі көлік салығынан жалтарып, енді бірі арқалаған әкімшілік айыппұлын төлеуден қашқақтайды. Жыл соңына қарай берешектің салдарын өндіріп, мемлекет пайдасына шешудің жұмысы бірізділікке қойылды. Құзырлы органдар меморандум түзіп, жемісті жұмыс атқаруда.

Ажар Сартбаева – Шымкент қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының бас маманы

Бір айлық рейдтік жұмыстардың нәтижесінде 2 мың 234 автокөлік тексерілді. 145 автокөліктен өз орнында берешегі өндіріліпті.  20 темір тұлпар түрлі себеппен айыптұраққа қойылған. Қазан айының 9-жұлдызында басталған ауқымды шараның барысында мемлекет пайдасына 11 млн 924 мың  340  теңге өндірілген. Ол жұмыстардың басы-қасында жеке сот орындаушыларының өңірлік палата қызметкерлері де белсенді.

Ажар Сартбаева – Шымкент қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының бас маманы

Рейдтің мақсаты борышкерлерге тиесілі 5 мыңға жуық автокөліктің берешегін өндіру. Әйтпегенде темір тұлпарды автотұраққа қамау болып табылады. Мамандар, арқалаған айыппұлыңыз бен тиесілі көлік салығыңызды дер уақытында өтеңіздер, – дейді. Сонда ғана рақымшылыққа ілінуге мүмкіндік бар.

Нұрсұлтан Мұхамеджан