Дін мәселелері бойынша «114 қауырт желісі» жұмыс істеуде

«114 қауырт желісі» — бұл дінге қатысты мәселелер бойынша көмекке мұқтаж барлық адамдар үшін тегін сенім телефоны және чат-сайт. Құрамында танымал психолог, ҚР психологтар мен психотерапевтер қауымдастығының мүшесі – Лола Шакимова, «Жусан» арнайы операциясына қатысушы, теолог – Асланбек Тыныштықов, заңгер, PhD доктор – Серікхан Әділғазы секілді белгілі мамандар мен Дінтану және исламтану саласындағы сарапшылар, оңалту орталықтарының теологтары бар тәжірибелі мамандар тобы ақыл-кеңес береді.

Бүгінгі таңда «114 қауырт желісі» өз жұмысының тиімділігін сәтті дәлелдеп отыр. Күн сайын операторлар 20-дан 40-қа дейін өтініштер қабылдайды. Мамандар мәселенің сипатына байланысты әр жеке жағдайды бөлек талдайды. Олар көбінесе діндар адамдар мен қарапайым адамдардың қарым- қатынасы, бала тәрбиесіндегі діннің рөлі, исламдағы неке және дәстүр сияқты тақырыптарға сұрақтар қояды. Тағы бір көп қозғалатын мәселе — пандемия кезінде діни рәсімдерді орындау. Кейбір жағдайларда деструктивті ағымдардың, түрлі секталардың өтініш білдіргендердің жақын туыстарына тікелей ықпал етіп жатқаны жайлы сөз болады. Мұндай адамдарға кәсіби психологиялық қолдау көрсетіледі.

Қандай жағдайларда «114 қауырт желісіне» жүгіну қажет?

  1. Егер сізге дін мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық көмек қажет болса.
  2. Егер сіз деструктивті діни ағымдардың ықпалына түссеңіз.
  3. Егер Сізге діни мәселелерге байланысты психологиялық және заңгерлік көмек қажет болса.

«114 қауырт желі» мамандарымен қалай байланысуға болады?

Сіз хабарласу үшін өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдай аласыз:

  1. 114 (қалалық) немесе 8(800)-0805-114 (Ұялы телефоннан) қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз.
  2. Немесе жобаның www.114.kz/questions сайтынан онлайн-кеңес алыңыз.

Жедел желі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:00-18:00 аралығында аптасына 7 күн жұмыс істейді. Барлық консультациялар тегін және құпия түрде өтеді.