Шет елдердің діни эктремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдағы озық тәжірибелері туралы семинар өтті

Еліміздегі дін саласындағы мамандарға арналған «Шет елдердің зорлық діни экстремизмге қарсы іс-қимылындағы тәжірибелері туралы» семинар өтті.

Семинарға танымал заңгер және құқық қорғаушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айман Умарова шақырылды. Ол практикалық және заң тұрғысынан зорлық-зомбылық діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша шет елдердің тәжірибелеріне тоқталды.

Семинарға Дін істері комитетінің басшылық қызметкерлері, «Ақниет» ҚҚ басшылығы мен қызметкерлері, дін саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың, Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшылары, теологтар, психологтар және ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушылар практикалық аспектілерді және діни саладағы профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады.