Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген азаматтарды іздеу – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының маңызды бағыты. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары фигуранттарының басым бөлігі ұры, қарақшы және т.б. секілді қылмыскерлер тобырынан сапалық жағынан ерекшеленеді.
Ауқымды іскерлік байланыстар мен қомақты қаржылық мүмкіндіктер оларға «қашу жоспарын» бүге-шігесіне дейін ойластырып, кейін оны іске асыруға мүмкіндік береді.
Агенттіктің іздестіру қызметі жетілдіруін жалғастыруда және өзінің тиімділігін паш етуде: ағымдағы жылды былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп адам табылған.
Бұл мәселеде қылмыскерлерді беру туралы Қазақстан Республикасы жасасқан 82 екіжақты келісімдер мен шетелдік құқық қорғау органдарымен орнықты байланыстар маңызды рөл атқарады.
Қашқындардың жақын туыстарымен және достарымен ынталы әңгімелесу өзін іздеудің біршама ықпалды тәсілі ретінде көрсетті.
Осындай кездесулер барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері адамның не үшін іздеуде екенін, оның мемлекет пен қоғамға қандай шығын әкелгенін, егер еркімен келген жағдайда қандай жаза алатынын және өзге де қызықтыратын мәселелерді толық түсіндіреді.
Биыл сендіру тәсілінің арқасында іздеудегілердің жалпы санының 60% өз еркімен келді. Сонымен қоса, Агенттік басқа құқық қорғау органдарына аса қауіпті қылмыскерлерді іздестіру бойынша белсене көмектеседі.
Тиімді іздестіру Агенттік жұмысының басты қағидасының бірі – жазаның бұлтартпастығын іске асырудың шешуші факторы екендігін атап өткен жөн – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.