Салауатты өмір салты – күйзеліспен күресуге және арылуға көмектеседі

Адамның денсаулығы – өмір тiршiлiгiнiң ең бiрiншi басты шарты. Салауаты өмір салтын ұстанып, үнемі жаттығулар жасап, дұрыс демалып, жақсы тамақтанатын болсақ, бiз келешек ұрпаққа да, қазіргі қоғамға да үлкен тәрбие боламыз.

Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы күйзеліс жүрек ауруынан кейінгі ең көп таралған дерт .

Көп жағдайда күйзеліске әкелетін себептер ол  әлеуметтік себептер, қаражаттың жетімсіздігі, адамдар қарым-қатынасындағы келеңсіздік… тағы басқалар.

Психологтар адамның ұзақ уақыт күйзелісте жүруі денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Олардың  пікірінше, адам стресті өзі жеңе алмаса, маманның көмегіне жүгінуі керек деп кеңес береді.

Іштегіні шығарып жақсылап жылап алу мен жақын адаммен сөйлесу бізді күйзелістен шығарып жатады.

Күйзеліске түскенімізді қалай білеміз? Бір белгі ғана күйзеліске түскеніңізді білдірмейді. Бірнеше белгінің бір уақытта бірігуі күйзеліске алып келеді. Атап айтсақ,

1. Ұйқының бұзылуы. Егер сіздің ұйқыңыз қанбаса, бұл – жүйке жүйесінің ақауынан болады. Депрессияға шалдыққан науқас ұйықтау арқылы өз күшін толық қалпына келтіре алмайды.

2. Мазасыздық. Егер адам бір нәрсеге нақты көңіл бөле алмаса, мазасызданса, ұмытшақ болса, шешім қабылдай алмай қалса, бұл да депрессияның белгісі болмақ.

3. Салмақтың өзгеруі. Шектен тыс тамақ жеп кетсеңіз немесе тәбетіңіз жоғалса, дәрігерге қаралыңыз. Депрессия рахат алу мен тәбетті бақылау қызметіне кері әсерін тигізеді.

4. Эмоцияның жоғалуы. Бұрын жарқырап, жайнап жүрген адам қабағы түсіп, жұрттан бөлектенуді қаласа, ол адам депрессияға түскен болуы мүмкін.

5. Денсаулығының нашарлауы. Адамның денсаулығы өздігінен нашарлап кетпейді. Егер адам депрессияға түсіп қалса, оның не басы, не аяғы, не қолы, т.б. ауырады. Егер сіз бойыңыздан осы себептердің біреуін көрсеңіз, уақыт оздырмай, дәрігерге қаралыңыз.

Депрессияға ұзақ уақыт түсіп жүрудің салдары альцгеймер, астма, қант диабеті мен семіздік сияқты ауруларға әкеліп соғады. Сондықтан, ашуыңызды сабырмен жеңіңіз. Сонымен қатар, әр адам өзінің жеке тұлға екендігін ұмытпағаны жөн.