Өткен сенбіде Шымкенттің барлық аудан аумағында «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында тазалық іс-шарасы өтті.
Түрлі мекеме қызметкерлерімен бірге тұрғындар да белсенділік танытты.
Абай ауданында ұйымдастырылған сенбілікке аудан аумағында орналасқан мекемелермен қатар кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлік субектілер мен тұрғындар қатысты.
Атап айтқанда, көше бойларын, көп қабатты тұрғын үй аулалардың аумағындағы күл-қоқыстарды тазарту, iшкi орамдық жолдарды реттеу жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына жалпы 7 мыңға жуық адам қатысып, 20 техника жұмылдырылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы