Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша семинар өтті

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері туралы онлайн-семинарда талқыланды.

Онлайн семинарға 120-дан астам мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мүшелерінің, еліміздің 12 өңірінің сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы белгілі сарапшылар З.К.Батталова, М.Т.Габдуалиев, А.Б.Қожағұлов, Б.К.Асқаров секілді тренер-консультанттар болды.

Семинарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша әдістемелік құрал егжей-тегжейлі талқыланды.

Семинар ұйымдастырушылары аудиторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат мәселелерінен жеткілікті хабардар екендігін атап өтті, семинар барысында тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу үшін, ҮЕҰ үшін «мемлекеттік ұйымдар басшыларының мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу тәртібі туралы» тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара әрекеттестігін нығайту жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру керек,- деген ұсыныстарын білдірді.