ШЫМКЕНТ: АБАТТАНҒАН КӨШЕЛЕР ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛУДЕ

Шымкентте бірқатар көшелерде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік.

Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Сиқым Олжас» ЖШС-і құрылысты жоспарға сай атқарды.

Көшенің ұзындығы — 800 метр, ені — 5 метр. Таскен тұрғын алабындағы №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары «Сиқым Олжас» ЖШС-гі тарапынан орындалды. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы — 680 метр.

Бүгінгі таңда аяқ жол пайдалануға берілді.Сондай-ақ, Жаңаталап тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге орташа жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын орнату («Достық СпецТранс» ЖШС-і), Ақниет шағынауданы Рауғаш көшесінде орташа жөндеу («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і), Ынтымақ шағынауданы Жібек жолы  көшесінде орташа жөндеу жұмыстары («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і) толығымен аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы