Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Президенттің бизнесті қорғауды күшейту туралы тапсырмасын іске асыру аясында кеңес өтті.
Ағымдағы жылдың 19 тамызында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте бизнес пен инвесторларды жемқорлық қысымынан қорғауды күшейтуді тапсырған болатын.
Сондай-ақ, Президент өзінің жыл сайынғы жолдауында Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі қағидаттарының бірі ретінде жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлін айқындап, мемлекеттік органдар тарапынан бизнес пен инвесторларға қатысты тексерулердің шексіз санын қысқарту қажеттігін атап өтті.
Осы бағытта Агенттік бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша шетелдік және отандық инвестерлорды лауазымды тұлғалар тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау мақсатында «Protecting business and investments» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал жасау, қызметтерін жемқорлыққа қарсы қолдау көрсету арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.
Бүгінгі таңда агенттік жалпы инвестиция сомасы 12 трлн теңгеден артық 500-ден астам бизнес-жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетеді. Олардың жүзге жуығы, яғни жобалардың 20 пайызы – шетелдің қатысуымен іске асырылады — деп көрсеткен агенттіктің баспасөз қызметі.
2020 жылдың 7 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған қылмыстық-құқықтық шаралармен 240-қа жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалған.