8 айда 54 егіз нәресте дүниеге келді

Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикада алдыңғы қатарда тұр. Қалада дүниеге келген бала саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде мегаполисте 21 168 сәби жарық дүние есігін ашты.

Қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, 8 айда шаһарда 54 егіз нәресте туылған.
– Биыл ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал қыздарға көбіне Сафия және Раяна есімдері қойылуда, – дейді Ақбота Жұмабекқызы.
Мамандардың мәліметіне сүйенер болсақ, биылғы 8 айда заңды түрде 3 605 неке қиылған. Ал 643 жұп ажырасқан. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ажырасудың үш есеге азайғанын көрсетеді.