2020 жылғы 15 қыркүйек және 14 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылы 15 қыркүйек және 14 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Егер Сізде жоғарыда аталған комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты агенттіктің мына мекен-жайына  a.karipova@anticorruption.gov.kz 

электрондық мекенжайына жолдай аласыз.

Сіз ұсынған ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеуде пайдаланылатын болады деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызмет.