13-ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ

13-қараша – Халықаралық зағиптар күні. Осыған орай, «Ән аға – Шәмші аға» атты көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандар арасында ән байқауы өтті. «Шексіз мүмкіндіктер» бағытты бағдарламасы аясында фестиваль биыл 11-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Дәстүрлі өтетін байқау биыл да ауқымды форматта өтуі қажет болған. Алайда, карантиндік шектеулер бұл байқауға қатысушыларды онлайн форматта іріктеп, ақтық сынға дейін жеткізді.  Бүгін оза шауып, қазылар алқасының шешімімен 7 үміткер ән байқауына жолдама алды. Әсем ән кеші Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында өтті.

Бәкір Нұрманбетов — Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының директоры

Өңірлік фестиваль ән жанрының майталманы, көрнекті сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналып отыр. Қатысушылар табиғи дауыста, түрлі музыкалық аспаптарда композитордың халық сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Айта кетерлігі, көз жанарынан айырылса да өмірге, өнерге деген құштарлығы биік жандар нағыз шығармашыл әрі қабілеті мол азаматтар.

домбырамен ән айтылады

Зәуре Айтек – байқауға қатысушы

Фестивальдың мақсаты – қамкөңіл жандардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, оларға қолдау білдіру. Көңілдеріне шуақ сыйлау. Биыл байқауға қатысуға 37 үміткер ұсыныс білдірген. Ол дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі жандардың әрдайым қоғамда алар өз орындары бар.

М. Жорабай