ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ КӨРЕРМЕНГЕ ҚАШЫҚТАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Ұлттық код – ұлттық сана, ұлттық мүдделердің бір арнаға тоғысуы. Қазақы нақышымызды айшықтайтын рухани құндылық. Шымкенттегі тарихи өлкетану мұражайында көненің көзі, бабалар сөзін дәлелдейтін тарихи жәдігерлер сақталған. Қазір мәдени орталық жұмысын онлайн форматта жұмысын жалғастырып жатыр. Мұражай қызметкерлерінің виртуальді тыныс тіршілігі алдағы бейнематериалда.

Тарихы ғасырмен астасқан шаһарымыздағы өлкетану мұражайы бүгінде көрерменге қашықтан қызмет көрсетуде.  109 мыңға жуық жәдігер жинақталған мұражайда 4 экспозиция залы бар. Мұндағы әрбір экспонаттың тарихта алар орындары ерекше. Солардың бірі жауырыны жерге тимеген атақты палуан Қазымұқан Мұңайтпасұлының көзі тірісінде тұрған киіз үйі.

Гауһар Ғұламқызы – «Тарихи-өлкетану» мұражайының әдіскері

Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, тарихымызды танып білуге деген құштарлық жылдар өткен сайын жандануда. Сөзімізге дәлел ретінде айта кетейік, карантинге дейін мұражайға келушілердің саны 100 мыңнан асып жығылса, осындағы іс-шараларға қатысушылардың белсенділіктері де жоғары деңгейді көрсеткен. Мұнымен қоса, оқылатын лекциялар мен ұйымдастырылған экскурцияларға да келушілердің қатары көбейгендігін мұражай қызметкерлері алға тартады.

Гүлмира Лазар – «Тарихи – өлкетану» мұражайының ақпараттандыру бөлімінің басшысы

Тарихи –өлкетану мұражайының аудан, қалаларда 8 филиалы бар. Солардың бірі Ерлік мұражайы. Қайта жаңғыртылған бұл мұражайда сұрапыл соғыс жылдарының куәсі болған 3 мыңнан астам жәдігер қойылған. Еліміздегі ерлік бағытында ең бірінші болып ашылған музейге өткен жылы 18 мыңнан астам адам бас сұғыпты.

Аида Рысбекқызы – «Ерлік» мұражайының қызметкері

Тарихы талай ғасырмен астасып жатқан құнды дүниелерімізді  көзбен көргенге не жетсін. Алайда, танып-білемін, ерлікті дәріптеймін дегенге онлайн форматтың өзі кедергі емес секілді. Айта кетейік, тарихи – өлкетану мұражайында арнайы кітап қоры да көздің қарашығындай сақталған.         

Г.Асқарқызы