Қоғамдық көліктер тоқтаусыз жүреді

Қоғамдық көліктердің жүру кестесіне тағы да өзгерістер енді. Шымкенттің бас санитар-дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес енді қоғамдық көліктер таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін үздіксіз жүретін болады. Ал, сенбі-жексенбі күндері мүлдем тоқтайды.

Бұған дейін қаламызда 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көлік айналым жасаса, қазір олардың саны 800-ден астам ғана. Оған себеп – санитарлық талаптардың сақталмауы, сондай-ақ, автопарк басшылығы тарапынан, — дейді жауаптылар. Айтып өтейік, барлық автобустар әр айналым сайын дезинфекциялық тазартудан өтіп тұрады. Ол мамандардың қатаң бақылауында.  

Наурыз Сүгірәлиев — Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы