ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында өзекті мәселелерді талқыға салған кеңес мүшелері проблемалардың шешілу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте пайдаланылатын «Төлем» картасының сатылу көрсеткішінің төмендігі және электронды төлем жүйесі туралы жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Қоғамдық келісім кеңесінің өткен отырысында сөз болған «Үшінші мегаполистегі миграциялық үдеріс және мигранттарды тіркеу», «Қала аумағандағы жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу», «Қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін ендіру», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында атқарылған жұмыстар», «Бюджетке төленетін салық түсімдері» сынды мәселелер бүгінгі жиында жан-жақты талқыланды.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Кеңес отырысында өз салалары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын баяндаған жауапты мемлекеттік мекемелердің басшылары кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Осы орайда жастардың шет елге  көшу жайы алаңдатып отыр. Биылдың өзінде 529 адам шет мемлекеттерге қоныс аударған. 

Жанар Бектаева – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы

Қоғамдық негізде әрекет ететін кеңестің негізгі функциясы – қайрымыдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Жыл басынан бері кеңес мүшелері қаланың 29 шағын ауданы мен тұрғын үй алаптарында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Осы орайда қоғамдық көлікте пайдаланылатын «Төлем» картасының сатылу көрсеткішінің төмендігі және электронды төлем жүйесі туралы жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қолдау керек болып тұр.

Г.Асқарқызы