Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында мұғалімдермен кездесу өткізілді.
Кездесуге ОҚМПУ Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы, Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі, Антикор орталығының лекторы Байзахова Сабира Мұратқызы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында адалдық төңірегінде әсерлі әңгіме өрбіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.