Соңғы жылдары банк пен жеке тұлғалар арасында берешек даулары жиі орын алуда. Әсіресе ипотекалық несие қарыздарын өндіру ісі көп. Десекте қарапайым халық істі насырға шаптырмайтын банк омбутсманы бар екендігін біле бермейді. Шымкенттің судьялары обмутсманның жұмысын насихаттауға дөңгелек үстелде бас біріктірді.
p>Елімізде банк омбутсманы институтын енгізу халық тарапынан ипотекалық қарыз шағымдарының ұлғайуынан болған. Бүгінгі таңда Қазақстандағы Банк омбутсманы Ерсерік Сийрбаев . Бұл жиынға бас омбутсман онлайн арқылы қатысып сұрақтарға жауап берді. Басқосуда қарыз шағымдарын сотқа жеткізбей шешу жолдары түсіндірілді.
Сайдыбаттал Тоқбергенов – Шымкент қаласы Абай аудандық сотының төрағасы
Шешім шығып қойған заңды күшіне еніп қойған нәрселерді омбудсман қарамайды. Оныда ескеру керек. Қазір талқылағанда осығанда мән берген дұрыс. Бұл мамандық иелерін екі жылға сайлайды. Ол кісі бизнеспен айналыспау керек.
Дауларды шешу барысында алынған ақпарат құпия сақталады. Аталған мәліметтер жарияланған жағдайда Кәсіпкерлер кеңесі банк омбутсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Банк омбутсманы қарыз алушылардың өтініштерін 2 айға дейін қарайды.
Мұқтар Парменов – Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы
Жоғары соттың бастамасымен дауларды сотқа дейін шешу жобасы жүзеге асқан болатын. Татуластырушы судьялар бекітіліп дауларды медияция тәртібімен шешуге әрекет жасаған болатын.Бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізілді. Татуластырушы судьялар қызмет атқарып келеді.
Өтініш қарау процесін жылдамдату үшін, құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет. Оны қарыз алушы өзі немесе кепіл беруші уакілетті адамда жасай алады. Басты құжат «Келіспеушіліктерді реттеу жөнінде өтінішке сауалнама». Сайтта толтыруға қажет тиісті шаблон орналастырылған.
К. Дүйсенбі