Шымкент қаласының жастар орталығының ұйымдастыруымен сенбілік акциясы өтті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының жастар орталығының ұйымдастыруымен «BIRGEMIZ Taza ALEM» жалпы ұлттық жобасы аясында «EcoSana» сенбілік акциясы өтті.

Жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған шараға 17 командадан жасақталған 200 ге жуық белсенді қатысты.

Сондай-ақ сенблік акциясы Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандарына қарасты аумақтарды қамтып, қортынды тазалық жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағын ауданы Бадам су қоймасы аумағында жалғасты.  Күл-қоқыстардан тазартылып, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылды. Сенбілік қортындысы бойынша 1-орынды  «Ізгілікке жарысайық» клубы 4776,2 келі иеленсе екінші орныды – «ЖАС ОТАН ЖҚ» -3241келі 3-ші орын «Лига волонтеров» клубы  2429,6 келі жинап жеңіске жетті

Ө. Мырзабек