ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша спорт адагерлер кеңесі қайта құрылды. Кеңес төрағасы болып басым дауыспен білікті спорт маманы Сейітбек Құлбаев сайланды. Сейітбек Қашымұлы бұған дейін Бекзат Саттархан атындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернатын көп жылдар бойы басқарып келген.

Ол жаңа қызметінде жаңа жетістіктерге жетуді көздейтінін айтты.  Жиын барысында Сейітбек Қашымұлы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алдында өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Басты мақсат — алдағы Токио олимпиадасына еліміздегі үшінші мегаполистен лайықты спортшылар даярлап, әлемдік додада өнер көрсету, -деді ол.

Сейітбек Құлбаев — Шымкент қалалық спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы