«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.
Осы тұжырымдаманы екінші кезеңде – 2016 – 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 983 қаулысымен бекітілген болатын.
Жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар көзделген.
Атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы спорт залдарын кезең-кезеңмен жаңғырту, спорттық құрал-жабдықтармен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жарақтандыру жөніндегі тетіктерді әзірлеу, аудан орталықтарында және шағын қалаларда жастарға арналған мәдени — демалыс орталықтары желілерін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылы дамыту, Республикалық спорттық студенттік турнирлер мен жарыстар өткізу, Қазақстан Республикасы студенттік құрамасының бүкіләлемдік қысқы және жазғы универсиадаларға қатысуын қамтамасыз ету, бұқаралық спорт түрлері бойынша мектеп және студенттер лигаларын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, спорттық аула алаңдары базасында балалар мен жастар арасында спорттық іс-шаралар өткізу, Жастардың денсаулық орталықтарының қызметіне талдау жүргізу, жастар ресурстық орталықтары мен жастар денсаулық орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу, жоғарғы оқу орындарында және колледждерде жастар денсаулық орталықтарын ашу мүмкіндігін қарау сияқты жұмыстар атқару қарастырылған.
Аталған жоспарда аяқтау нысаны мен орындау мерзімі белгіленіп, орындауға жауаптылар ретінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының әкімдіктері бекітілген.
Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Жоспарға сәйкес қаладағы көпқабатты үйлердің ауласына соңғы үлгідегі спорт алаңшалары салынған.
Бұқаралық спортты дамыту және оған қала тұрғындарын кеңінен тарту мақсатында арнайы спартакиадалар, марафондар мен әртүрлі спорт түрлерінен іс-шаралар жүзеге асырылуда.