Қазақстан дінаралық диалогты дамытудың өзіндік моделін қалыптастырып үлгерген, халықаралық аренада тәжірибесі бар ел.

Соңғы жылдары әлемдік қауымдастық ұлтаралық кикілжіңдер мен діни алауыздықтың қоғамда орын алуының алдын-алу жолдарын іздестіруде.

Өз дамуында өркениеттілікті көксеген кез-келген қоғам қашанда өзара ынтымақтас, мәмілелес болу, яғни диалог орнату, бейбіт қатар өмір сүрудің ең тиімді жолы екенін мойындауда.

Кейінгі жылдары мәдениетаралық, дінаралық диалогты ілгерілету мақсатында әлемнің түпкір-түпкірінде түрлі орталықтардың бой көтеруі оған дәлел.

Қазақстан өз тарапынан осындай ғаламдық үдерістерге өзінің төл
тарихы мен мәдениетіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды
ілгерілетумен, қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді
орнықтырумен жауап қатуда. Оған егемен ел болғалы тарихымыз куә. Осы орайда, еліміздегі этностар өз тілдерін, дәстүрлері мен мәдениеттерін дамытуға, өз діндерін ұстануға барынша жағдай жасалғанын айта кеткен орынды.

Қазақстан дінаралық диалогты дамытудың өзіндік моделін
қалыптастырып үлгерген, халықаралық аренада бірегей тәжірибесі бар ел. Мемлекет тарапынан елімізде қабылданған заңдарға сәйкес
конфессиялардың толыққанды қызмет атқаруларына барлық жағдай
жасалған. Көптеген діндердің басшылары мен өкілдері бас қосатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің елімізде тұрақты түрде өтуі соның бір айғағы.

Еліміз, іс жүзінде жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу
мақсатында төрткүл дүниенің басын қосқан – диалог алаңын қамтамасыз етіп келеді.

2008 жылы еліміздің Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың
бастамасымен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамыту және конфессияаралық келісімді нығайтудың қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде насихаттау болып келді.

Алайда, 2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының кезекті отырысында, сол кездегі ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын Назарбаев атындағы Діндер мен өркениеттер арасындағы диалог орталығы ретінде қайта құру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Негізгі мақсат — Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталығы ретіндегі рөлін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ету, Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін халықаралық дәрежеде таныту еді.

Осылайша, 2019 жылы Конфессияаралық және өркениетаралық
диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы КЕАҚ құрылды.
Орталықтың негізгі миссиясы – дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға, халықаралық құрылымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық құруға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің бастамаларын жүзеге асыруға негізделген.

Орталық Аталған миссияларды орындау барысында 1 жыл ішінде бірқатар ірі халықаралық орталықтармен
тығыз қарым-қатынастық орнатып үлгерді.

Барша әлем сапалық тұрғыда жаңа тарихи кезеңге өтіп жатқан
шақта, бізге қоғам ретінде өркениет көшінен қалмау маңызды болып қала бермек.

Мақала авторы: Әлімқұлова С.Б.