ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХV көшпелі мәжілісінде бірқатар құжаттар мен пәтуалар қабылданды.

Атап айтқанда, «Жүлделі жарыстарға қатысты шариғат үкімі», «Мұсылман емес адамға кешірім сұрап, дұға ету үкімі», «Импорт арқылы әкелінген ет үкімі», «Әйелдің махрамсыз қажылыққа бару үкімі», «Мешіттің құбыласына қатысты үкім», «Спирт қосылған тағамдардың, тәттілердің үкімі», «Жылжымайтын мүліктен зекет беру үкімі» сынды пәтуалар қабылданды.

Сонымен қатар «Ас беру мәдениеті» мен «Зират пен зиярат мәдениеті» құжаттарының жобасы бекітілді.