ШЫМҚАЛАДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы жауаптылардың басты назарында. Бұл бағытта Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы осы мақсатта тұрақтандыру қорына 2,2 млрд. теңге қаралған болатын. Аталған қаражатқа сауда орындарына қарызға ақша беру, тауар интервенциясын жүргізу, жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін ашу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілерге жер телімі беріліп, азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылы «Грамад» гипермаркетіне 800 млн теңге қарыз ақша беру жөнінде келісім шарт түзілген. Кәсіпкерлік нысан бұл қаражатты тауар айналымына жұмсайды. Дәл осы бағыттағы жұмыстар «Фиркан» сауда желісі, Hermes, «Turar» ЖШС-терімен де жүргізілген. «Алқаптан сөреге» принципі бойынша «Бәйтерек агро» тауар өндірушісіне жер телімі берілді. Кәсіп иесі ол жерде ет сату нүктесін ашып, кәсібін жүргізіп отыр.  Мұндай көмек жұмыртқа, тауық етін өндіруші, сүт, ұн, бал өнімдерін сататын кәсікерлерге де көрсетілген. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты азық-түлік жәрмеңкелері де жоспарға сай ұйымдастырылуда.  Оған Төлеби, Сайрам, Ордабасы аудандарының 200-ге жуық тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы әрі балғын өнімдерін ұсынуда.  Тауар бағасы да нарық бағасынан 15 пайызға арзан.

Country News ақпараттық агенттігі