ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Салауатты өмір салтын Шымкенттік жастар да қолдайды. Көне шаһарда жас буынның спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Биыл қаладағы 3000 жастың ат салысуымен волейбол, футболдан спорттық біріншіліктер өткен. Бұдан бөлек, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар қарқынды жүргізілуде.

10 жыл бұрын АҚШ елінде пайда болған «Street Workout» спорттық бағыты бүгінде еліміздің барлық өңірінде қарқынды түрде дамып келеді. Бұл спорт түрімен  Шымкент қаласында айналысатын жастар да артып келеді. Шымкент қалалық жаcтар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Street Workout»-тан тәжірибелік сағаттар жиі қолға алынады. Бұдан бөлек, стол теннисінен кіші турнир өткізілді. Бұл шаралардың бәрі Саламатты ұрпақ бағдарламасы негізінде оқушылар, студенттер, базар жастарының қатысуымен жүзеге асуда.

Country News ақпараттық агенттігі