ШЫМКЕНТ: 39 КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 70 көп қабатты тұрғын үйге  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  

Бүгінде аталған көп қабатты тұрғын үйлердің 39-ында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 тұрғын үйде жұмыстар әлі де жалғасуда. Ал қалған 14 көп қабатты үй тұрғындардың өз есебінен жүргізіліп қойғандықтан жөндеу жұмыстарынан бас тартқан.  

Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы тұрғын үйлердің лифттерін ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 6 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби алаңы №1А, Желтоқсан көшесі №32, Тәуке хан даңғылы, №32, Терешкова көшесі, №50А және Темірлан тас жолы бойында орналасқан №1, 1А үй) 12 лифт қондырғысы ауыстырылатын болады.   

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі