ШЫМКЕНТ: 319 АДАМ ТОЛЫҚ ОҢАЛТЫЛЫП, МҮГЕДЕКТІК ТОПТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушысы Төрехан Дауытов 9 айда атқарған жұмыстарды қорытындылады.Қазіргі таңда Үкімет тарапынан 2019-2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бағытына арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.

Шымкент қаласында арнайы қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Төрехан Бекболатұлының айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында 18 мекемеге тексеру тағайындалған. Оның ішінде, жоспардан тыс тексеру – 15, профилактикалық тексеру – 3. Тексеру нәтижесі бойынша 16 мекемеге жалпы соммасы 1 714 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында 2020 жылдың 9 айында медициналық-әлеуметтік сараптама тарапынан қайта куәландырылған 5008 адамның 4251-і қайта мүгедек ретінде танылды. 319 адам толық оңалтылып, мүгедектік топтары тоқтатылды. Жартылай оңалтылғандар саны – 379 адам.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі