«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында жыл бойы тақырыптық іс-шаралар өтеді

Шымкент қаласында -18 мәдениет мекемелері бар. Атап айтсақ 5 театр, цирк, концерттік ұйымы, 5 кітапхана (36 филиалымен), 3 орталықтар, музей, зообақ және архив мекемелері.

Қалада ресми, көпшілік мәдени іс-шаралармен қатар, мәдениет үйлері мен клубтарда жылдық жоспарға сай және жоспардан тыс іс–шаралар ұйымдастырылады. Жас таланттарды қолдау мақсатында фестивальдер мен байқаулар өткізіледі. Мәдени және спорттық бағыттағы үйірмелер жұмыс атқарады.

Кітапханалар жүйесінде ресми және айтулы даталарға арналған іс-шаралардан басқа оқырмандардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, тақырыптық кітап сөрелері, кездесулер, радиохабарлар және т.б көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында танымдық үйірмелер жұмыс жасайды.

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы», «Шымкент қаласына 2200 жыл» аясында қалалық мәдениет мекемелерінде жыл бойы тақырыптық іс-шаралар өтеді.

2020 жылы Шымкент қаласына гастрольдік іссапармен облыс пен қалалардан еліміздің жетекші театрлары мен филармония ұжымдарының келуі жоспарлануда.