ШЫМКЕНТ: ӘКІМШІЛІК-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ 5 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Қалада көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің құрылысты уақтылы әрі сапалы орындау жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 8 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. № 44, 45, 46, 47, 48 үйлерді желтоқсан айында аяқтау жоспарланса, № 41, 42, 43 үйлер 2021 жылға өтпелі. Құрылысқа жауапты мердігер мекемелер – «Атамекен Корпорациясы» ЖШС, «Корпорация Ақ-ордасы» ЖШС және «Югстройсервис-Н» ЖШС.

Сондай-ақ, Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан 4 тұрғын үйдің құрылысы да жоспарға сай жүргізілуде. № 2, 3 үйлердің құрылысын «Югстройсервис – Н» ЖШС-і жүргізуде. Ал, № 1, 4 үйге – «Орион – LTD» ЖШС жауапты. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, тұрғын үйлер 2021 жылы пайдалануға тапсырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі