БІЗБЕН БІРГЕ — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНЫҢЫЗ!

Шымкент қаласында жастар арасында бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Үстіміздегі жылдың 3 қарашасынан бастап Шымкент қаласының 10 спорттық алаңшаларында таңғы және кешкі денешынықтыру жаттығулары бастау алады.

Салауатты өмір салтын ұстанатын кез-келген қала тұрғындары отбасыларымен қоса Шымкент қаласының Абай саябағы, «Қарасу» мөлтек ауданындағы отбасылық аллея, металлургшілер саябағы, «Қошқар ата» жағалауы, Тәуелсіздік саябағы, Орталық саябақ, Дендросаябақ, Нұрсат мөлтек ауданындағы аллея, Қажымұқан атындағы орталық стадионда таңғы 8.00-8.30 аралығында, кешкі 18.00-18.30 аралығында қатыса алады.

Әрбір адамның денсаулығы қоғамның байлығы екенін ескере отырып, денсаулықты сақтау өз қолымызда екенін ұмытпайық ағайын.

Спортпен 3 қарашадан бастап  бірге шұғылданайық!