Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асырылуда

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» басқарманың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы  № 74  бұйрығымен бекітілген.

           Жоспарға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша басқармада тіркелген жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін «сенім телефоны» орнатылып, пошта жәшігі жұмыс істеуін жалғастыруда.

           Басқарма басшысының және орынбасарлардың жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды арнайы бекітілген  кестеге сәйкес жұмыс жүргізілуде.     

           Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен Әдеп кодексінің негізінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын іске асыруда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен олардың алдын алу, мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормаларын ұстануы мен моральдік-этикалық келбетіне қойылатын  және мінез-құлық стандарттарының  негізгі талаптары болатын қағидаларға, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілерде қызметтік әдепті сақтауына қатысты жан-жақты түсіндірмелер беруге арналған құқықтық оқу семинарлары мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде  өткізілуде.  

         Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша  заңнамалық актілерінің бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу, болдырмау мен анықтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіліп, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен олардың алдын алу және Әдеп кодексі негізінде мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормаларын ұстануы мен моральдік-этикалық келбетіне қойылатын мінез-құлық стандарттарының  негізгі талаптары болатын қағидаларға түсіндірме беру бойынша құқықтық оқу семинарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандар қатысуымен өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдептілік нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша мәліметтерді қамтитын бейне роликтер көрсетілуде.